Қатысушылар пікірі

Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының қатысушылары Өскемен жоғары политехникалық колледжінің ұжымына сайысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді. Қонақжайлық, кәсібилік және әділ бағалау қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. Біз әріптестеріміздің жылы лебіздері мен ізгі тілектері үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.